Маймыл шешегі: тестілеуді кімдер тапсырады?

 «Жұт – жеті ағайынды» дейді дана қазақ. COVID-19 кеселінен қалай құтыламыз деп әбігерге түсіп жатқанда «Маймыл шешегі» деген пәле тағы шықты. Бұл кесел де әлемді жайлап келеді. Эпидемияның алдын алу үшін тестілеу жүргізілетін болады. Ол үшін елімізге «Роспотребнадзордан» дертті анықтауға арналған ПТР-тестілер әкелінген.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова маймыл шешегіне қарсы ПТР-тестілеуді кімдер тапсыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ПТР-тестілеуді тек аурудың белгілері болған жағдайда ғана тапсыруға болады. «Маймыл шешегінің клиникалық белгілеріне дене температурасының жоғарылауы, айрықша белгілердің пайда болуы жатады. Бұдан бөлек, соңғы 3 аптада маймыл шешегі тіркелген елде болған азаматтар ғана тест тапсыра алады. Қалған жағдайда ПТР-тестілеу жүргізілмейді», – деп түсіндірді Айжан Серікбайқызы.

Ізтай БЕЙСЕНБАЕВ.