Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алыңында «2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық» тақырыбында брифинг өтті. Баяндамашы Ұлытау облысы төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы, полковник Есен Байыров.
Казгидромедттің косультатифті анықтама жоспарына сәйкес облыс аумағының басым бөлігінде нормадан артық топырақ ылғалдылығы байқалады, ол Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қамтып, тек Жаңаарқа ауданының солтүстік-шығыс, Ұлытау ауданының батыс бөлігінде нормаға жақын мөлшерде.
Облыс аумағында топырақтың қатуының таралуы біркелкі емес, Оңтүстікте төмен көрсеткіштер байқалса, облыстың орталығы мен солтүстігіне қарай біртіндеп ұлғаяуы байқалады тереңдігі 5-тен 100 см-ге дейін өзгереді, қату тереңдігі облыстың Шығыс және орталық бөлігінде байқалады (орта есеппен 56-70 см, негізінен Ұлытау және Жаңаарқа ауданының орталығы мен солтүстігінде).
Өткен жылмен салыстырғанда Облыстың көп бөлігінде аз топырақтың қату тереңдігі төмен, өткен жылдың көрсеткіштерінен асу тек Жаңаарқа ауданының оңтүстік бөлігінде ғана байқалады (өткен жылмен салыстырғанда 10 см-ден астам).
Қазіргі кезде облыстың 27 елді-мекенінде (населенные пункты) су басу қауіпі аңықталды, оның ішінде
11 елді-мекенде су тасқыны қауіпі сақталуда, 16 елді-мекендедегі қауіп төмендетілді.
Анықтама: 27 елді-мекендерде тұрғылықты үйлер саны 574, халық саны – 2 606адам.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары шеңберінде 2024 жылы барлығы 15 700 метр бөгет көтерілді, 2 800 метр канал тазартылды және 150 метр плотина нығайтылды.
Ұлытау ауданындағы Жезді өзенінің 2 шақырым жеріне санация жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында өзеннің арнасы тазартылып, жағалауларына көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, облыс аумағындағы су тасқыныны ықпал ететін Сарысу, Жаман сарысу, Талдысай, Қаракеңгір, Жезді және Манақа өзендері, сонымен қатар Кеңгір, Ақтасты және Жезді су қоймалары тұрақты бақылауда, бүгінгі таңда қысқы режимде.
Бүгінгі таңда Ұлытау облысы халқын және аумағын ағымдағы жылы су тасқынынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, іс-шаралар жоспары облыс әкімінің өкімімен бекітілді, өкімге сәйкес ақпан айынының 10 күнінен бастап облыстық мемлекеттік азаматтық қорғау кіші жүйесінің штап құрамы бекітіліп «жоғары дайындық» режиміне келтірілді.
Тиісті қалалық бөлімдер мен ұйымдар материалдық-техникалық құралдар мен инертті материалдар қорын дайындалды:
Ақпан айының соңы мен наурыз айының бірінші он күндігінде елді мекендерге, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне және коммуникацияларға ықтимал қатерлерді анықтау мақсатында, су тасқыны қауіпті учаскелерді шолу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда су тасқыны кезеңіне ықпал ететін жұмыстардың бірі елді мекендерден қар шығару жұмыстары. Бүгінгі таңда облыс аумағында 250 мың м3 қар шығарылып жұмыстар жалғастырылуда. Автожолдар, теміржолдар төсемдерінің астындағы су өткізу құрылғыларымен арықтарды мұздан, қардан, қоқыстан тазарту жұмыстары жұргізу наурыз айының басында жоспарланған.
Төтенше жағдайларға ден қою мәселесі бойынша
Ұлытау облыс әкімінің орынбасарымен «Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қою» жоспары бекітіліді. Жоспарға сәйкес облыстың азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері 114 адам, 70 бірлік техника құрайды.
Ұлытау облысының аумағында зардап шеккен халықты уақытша қабылдауға арналған 44 қабылдау пунктері дайындалған. Бұл орындардын жалпы сыйымдылығы 34218 адамды құрайды. Жоспарға сәйкес су тасқынына бейім елді мекендерді, су тасқынына қарсы бөгеттермерды, гидро техникалық құрылыстарды, автомобиль жолдарын, эвакуациялық пунктерді сонымен қатар жұмылдырылатын күш құралдар енгізн ала отырып топаграфиялық карта әзірленді.