2025 жылғы 26 қазанда № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 887 азамат енгізілді. Дауыс беруге 558 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, ал үйден дауыс бергендер саны – 2 сайлаушыны құрады.
Сайлауға 3 кандидат және 1 саяси партия қатысты. № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихат депутаттарын сайлауының қорытындылары төмендегідей:
-
Балдырған Бимаганбетқызы Қалмағамбетова – 42 дауыс;
-
Жалғасқан Ахатович Құрмансейтов – 338 дауыс;
-
Әбдіғазы Нығманұлы Рақым – 127 дауыс;
-
«Барлығына қарсы» белгісі қойылған бюллетеньдер – 51.
Сайлау нәтижесі бойынша № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихаттың депутаты болып Жалғасқан Ахатович Құрмансейтов сайланды.
Ол 1985 жылы туған, «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы» ЖШС директоры, Қаражал қаласының тұрғыны.
Ұлытау облысы Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.
