Еңбек – елдің ертеңі. Ал жұмысшы мамандықтары – кез келген мемлекеттің дамуының іргетасы. 2025 жыл – жұмысшы мамандықтарына арналып, осы саладағы адамдардың еңбегіне ерекше назар аударылатын жыл.
Дәнекерлеуші, құрылысшы, токарь, электрик, аспаз, механик, жүргізуші – бұл мамандық иелері күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Олар – үнсіз еңбек етіп, елге қызмет қылып жүрген нағыз батырлар.
Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, жастарды кәсіптік білім алуға ынталандыру – қоғамның дамуына қосылған үлкен үлес. Себебі, білім мен еңбек қатар жүргенде ғана ел алға басады.
Құрметтейік, қолдайық, мақтан етейік – еңбек адамын!
Сатанов Жанат Рахымжанович
Қаражал қаласы мәслихаты аппаратының басшысы