Мектеп инфрақұрылымын жаңарту – оқушылар мен мұғалімдер үшін заманауи және қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған маңызды қадам. Қаражал қаласында 2024 жылы Қаражал қаласында 1 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 1 мектептің материалдық техникалық базасы жаңартылып оқу кабинеттерінің заманауи жабдықталуы
Жалпы сомасы 66,8 млн. тг. заманауи кабинеттер сатып алынды, оның ішінде «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» КММ STEM кабинеті -22,1 млн. т., «№ 6 жалпы білім беретін мектеп»КММ физика кабинеті -14,3 млн. т, «№ 7 жалпы білім беретін мектеп» КММ химия кабинеті -11,2 млн. т., «№ 11 жалпы білім беретін мектеп»КММ робототехника кабинеті- 19,2 млн. т., (сатып алынған және орнатылған).
2024 жылы «Қазақстан халқына» қорынан «№ 1 жалпы білім беретін мектеп » КММ 46,6 млн.теңгеге заманауи жабдықтармен толық жабдықталған.
Бұл пәндік сыныптарда жаңа технологиялар мен оқыту әдістерін қолдануға мүмкіндік беріп, білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл, сөзсіз, болашақ мамандарды сапалы даярлауға жағдай жасайды.
Әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан 290 мектеп оқушысы мен және 1-4 сынып оқушыларының барлығы үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылған. Бұл – көптеген отбасыларға көмек беретін және балалардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдай жасайтын маңызды әлеуметтік қолдау шарасы.
Жалпы, бұл бастамалар білім сапасын арттыруға және барлық балалар үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Бұл сөзсіз елдің болашағына оң әсерін тигізеді.