Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды.
Оның ішінде Ұлытау облысы бойынша -67,77 %.
Маңызды шарада Ұлытау ауданының спортшылары белсенділік танытуда. Атап айтар болсақ, Самбо күресінен ел чемпионы, 2024 Ақтау каласында өткен Азия және Океания чемпионатының чемпионы Алшымбек Абылайхан референдумда өз таңдауын жасады.
#референдум